date

Иран әлемді интернетсіз қалдыруы мүмкін – CNN

Иран әлемді интернетсіз қалдыруы мүмкін – CNN

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін су асты интернет кабельдерін пайдаланғаны үшін ірі технологиялық компаниялардан ақы алмақшы. Егер төлем жасалмаса, ел оларды ажыратып тастайтынын ескертуде. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Мәлім болғандай, Ормуз бұғазындағы блокададан кейін Тегеран әлемдік экономиканың маңызды «жасырын артериясынан» табыс табуды ұйғарған. Әңгіме Еуропа, Азия және Парсы шығанағы арасындағы интернет-трафик пен қаржылық операцияларды тасымалдайтын су асты кабельдері туралы болып отыр.

Иран Ормуз бұғазының түбімен өтетін интернет кабельдерін пайдаланғаны үшін әлемдегі ең ірі технологиялық корпорациялардан ақы талап етпек. Егер компаниялар белгіленген төлемді жасамаса, олардың интернет трафигін ажыратып тастау туралы тұспалдап қорқытулар жасалуда.

CNN дерегінше, Тегеран Google, Microsoft, Meta және Amazon сияқты компаниялардан Иран заңнамасына бағынуды талап етуде. Сонымен қатар, су асты кабельдерімен жұмыс істейтін компаниялар лицензиялық алымдар төлеуі тиіс, ал оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету құқығы тек Иран компанияларына берілуі мүмкін.

Телеарна кабельдерге зақым келуі бүкіл әлем бойынша триллиондаған долларлық мәліметтер алмасуына және жаһандық интернет желісіне елеулі әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ, мақалада АҚШ президенті Дональд Трамптың қайта оралуына байланысты аймақтағы қақтығыстардың қайта күшеюі мүмкін деген алаңдаушылықтың артып келе жатқаны айтылған.

CNN пікірінше, Иран тек әскери күшпен ғана емес, географиялық орналасуы арқылы да әлемдік экономикаға әсер ете алатынын көрсетуде. Тегеран Ормуз бұғазының стратегиялық маңызын ұзақ мерзімді экономикалық және саяси құрал ретінде пайдалануға ұмтылуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Иран әлемді интернетсіз қалдыруы мүмкін – CNN