date

Өзбекстан акциялар нарығы аптаны шығынмен аяқтады


31 қазаннан 7 қарашаға дейін «Ташкент» Республика қор биржасында (РҚБ) тіркелген акциялардың көбі теріс динамиканы көрсетті. UCI қор индексі 4,28 пайызға төмендеді.

Осы кезеңде ең үлкен өсімді «Өзпромстройбанк» акциялары (+7,96%) тіркеді. Сонымен қатар, «Өзбектелеком» (+5,80%) және «Өзбекинвест» (+5,28%) акциялары да өсімді көрсетті.

Алайда, «Қызылқұмцемент» акциялары 5,82 пайызға төмендеп, апта ішінде ең үлкен шығынды көрсетті. Сонымен қатар, UzAuto Motors (-5,14%) және «Бизнес даму банкі» (-5%) акциялары да арзандады.

Апта бойы 9 жоғары өтімді акция оң нәтиже көрсетсе, 20 акция теріс көрсеткішке ие болды. Ескерте кетсек, өткен аптада РҚБ «Ташкенттегі» UCI қор индексі 0,33 пайызға өскен еді.

Сол кезде «Өзбекгеофизика» акциялары 13,11 пайызға қымбаттап, ең үлкен өсімді тіркеген болатын. Сонымен қатар, «Өзбекмұнайгаз» (+8,41%) және UzAuto Motors (+7,22%) акциялары да өсім көрсеткен еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » Өзбекстан акциялар нарығы аптаны шығынмен аяқтады