date

Жаңа жыл мерекесінде Өзбекстан ауруханалары тәулік бойы жұмыс істейді

Жаңа жыл мерекесінде Өзбекстан ауруханалары тәулік бойы жұмыс істейді

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін Өзбекстандағы барлық ауруханалар тәулік бойғы жұмыс режимінде қызмет етеді.

Бұл күндері азаматтар аудандық, қалалық және республикалық деңгейдегі ауруханаларда, сондай-ақ медициналық орталықтарда қажетті медициналық көмек ала алады.

Жедел жәрдем қызметі де әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады: республика бойынша шақыртуларға шығу үшін 2,8 мыңнан астам бригада дайын болады.

Шұғыл медициналық көмек Республикалық ғылыми орталығында және оның өңірлік филиалдарында да тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады. Сонымен қатар 231 перзентханада және 233 балалар ауруханасында үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіледі.

Министрлік мереке күндері халықты денсаулығына мұқият болуға шақырды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Жаңа жыл мерекесінде Өзбекстан ауруханалары тәулік бойы жұмыс істейді