date

Куәгер Энтони Джошуа апатының мән-жайын айтып берді

Куәгер Энтони Джошуа апатының мән-жайын айтып берді

Британдық танымал боксшыЭнтони Джошуақатысқан жол-көлік оқиғасына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Оқиға куәгері Аденийи Ороджо апаттың қалай болғанын және одан кейінгі минуттарда не болғанын еске алып бөлісті.

Оның айтуынша, Lexus маркалы көлік қозғалыссыз тұрған жүк көлігіне — Pajero-ға — соғылған. Оқиға кезінде Энтони Джошуа артқы орындықта, жүргізушінің артында отырған. Көлікте барлығы төрт адам болған.

«Апат бола салысымен, жол қызметі мен жедел жәрдем келгенше құтқару жұмыстарын бастадық. Өкінішке қарай, жүргізуші және Джошуаның жанында отырған адам оқиға орнында көз жұмды», — деді Ороджо Daily Express басылымына берген сұхбатында.

Куәгердің сөзінше, бәрі өте жылдам болған, алайда соққының қатты болуына байланысты кейбірі үшін қайғылы салдардың алдын алу мүмкін болмаған.

Еске салайық, осы қайғылы оқиғадан бірнеше сағат өткен соң қаза тапқан адамдар Энтони Джошуаның дене дайындығы бойынша бапкері және жеке тренері екені ресми түрде хабарланған еді. Ал Джошуаның өзі жеңіл жарақатпен аман қалып, дәрігерлер бақылауында екені айтылуда.

Бұл қайғы тек боксшының командасы үшін ғана емес, бүкіл спорт қауымдастығы үшін де ауыр жоғалту ретінде бағалануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Куәгер Энтони Джошуа апатының мән-жайын айтып берді