date

Жызақтағы АЭС құрылысында 10 мың өзбекстандық қатысады


Жиззақ облысында салынып жатқан атом электр станциясы (АЭС) құрылысына жалпы 13 мыңнан астам адамның қатысуы жоспарланған. Олардың 10 мыңы – өзбекстандықтар, ал қалған 3 мыңы Ресей азаматтары болады.

Бұл туралы "Атомстройэкспорт" компаниясының вице-президенті Павел Безруков мәлімдеді. Бұдан бұрын, АЭС құрылысына әртүрлі кезеңдерде 20 мыңға дейін адам тартылуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Қазанда құрылысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар басталғаны белгілі болды. Өзбекстанда жалпы қуаты 2,1 гигаватт болатын атом электр станциясының құрылысы жоспарланып отыр, ол үлкен және шағын реакторлардан тұрады.

Республика басшылығы бұл электр станциясын жаңа индустрияландырудың нышаны деп санайды. Аталған жоба бойынша бас мердігер ретінде "Росатом" компаниясы белгіленсе, қосалқы мердігер ретінде "Enter Engineering" кәсіпорны электр станциясының құрылысын жүзеге асырады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Жызақтағы АЭС құрылысында 10 мың өзбекстандық қатысады