date

Наманганда 5-сынып оқушысы трансформаторда ток соғуы салдарынан қайтыс болды

Наманганда 5-сынып оқушысы трансформаторда ток соғуы салдарынан қайтыс болды

Наманган облысы Давлатабад ауданында 13 жасар бала электр тогының соғуы салдарынан қайтыс болды. Оқиға 5 мамыр күні кешке жоғары вольтты трансформатордың жанында болған.

Мәлім етілгендей, 5-сынып оқушысы шие теру мақсатында трансформатордың үстіне шыққан кезде жоғары кернеулі токқа түсіп қалған. Салдарынан ол ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды. Баланың туыстары трансформатор айналасы қауіпсіздік талаптарына сай емес екенін айтуда. Олардың сөзінше, аумақ қоршалмаған, кейбір сымдар ашық жатқан және трансформатор құлыпталмаған.

Оқиғаға байланысты тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ, электрмен жабдықтау кәсіпорны қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Наманганда 5-сынып оқушысы трансформаторда ток соғуы салдарынан қайтыс болды