date

Трамп пен Ердоған келіссөздері: аймақтағы жағдай назар орталығында

Трамп пен Ердоған келіссөздері: аймақтағы жағдай назар орталығында

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы РИА НОВОСТИ хабарлады.

Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылады.

Ердоған Иранмен атысты тоқтату режимінің ұзартылуын оң қадам деп атап, мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге болатынына сенім білдірді.

Түркия басшысы сонымен қатар Сириядағы тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын, Ливандағы жағдайдың нашарламауы керектігін атап өтті.

Әңгіме соңында Ердоған Сан-Диегодағы мешітке жасалған шабуылға байланысты Трампқа көңіл айтып, Түркияның жеккөрушілік негізіндегі қылмыстарға қарсы екенін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанмен сөйлесуі өте жақсы өткенін айтты.

"Мен президентпен өте жақсы сөйлестім, біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы", - деді Америка басшысы журналистерге.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трамп пен Ердоған келіссөздері: аймақтағы жағдай назар орталығында