
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Ташкент қаласында тұтынушыларға 5,3 миллиард сўм қайтарылды. Бұл туралы Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қалалық басқармасының мәліметтеріне сүйене отырып хабарланды. 
Белгілі болғандай, осы мерзім ішінде қала тұтынушыларынан 7,6 мыңнан астам өтініш түскен, олардың 52 пайызы тұтынушылардың пайдасына шешілген. Сондай-ақ, 1 мыңға жуық ұйымдарда жарнама саласында мәселелер анықталған. 
Нәтижесінде 66 компанияға айыппұл шарасы қолданылып, олардың жалпы көлемі 659 миллион сўмды құрады. Тексеру нәтижелері бойынша басқарма 11 қаржылық маңызды ұйымды мемлекеттік тізілімге енгізді. 
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 