Самарқандта заңсыз алтын саудасы әшкереленді

Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Самарқанд облысы Каттақұрған ауданында заңсыз алтын саудасына қатысты жағдайды анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Операция экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Бұл іс бойынша Науаи және Самарқанд облыстарынан үш күдікті ұсталды.
Олардан жалпы салмағы 475 грамм болатын екі алтын құймасы тәркіленді. Аталған алтындардың заңсыз жолмен алынғаны анықталды.
Тәркіленген алтындардың жалпы құны 740,4 миллион сумды құрайды. Ұстау операциясы күдіктілердің келісілген соманың бір бөлігін алып жатқан кезінде жүзеге асырылды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз