
Келесі жылы Ташкент қаласында 100 ақылды қиылыс орнатылады. Бұл қиылыстар бірыңғай жүйе арқылы басқырылып, жасанды интеллект көмегімен көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысын бақылап отырады.
Бұл шаралар кептелістерді азайтуға және жолдардың қауіпсіздігін арттыруға қызмет етеді деп атап өтті Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өткізілген мәжілісте. Сондай-ақ, қалаға кіреберістегі екі бақылау-өткізу пункттері қала сыртынан көшіріледі, үш пункт қайта жөнделіп, 3 500 жүк көлігі мен 5 500 жеңіл автокөлікке арналған автотұрақтар, сондай-ақ тұрғындардың демалуы үшін арнайы аймақтар ұйымдастырылады.
Бұл орындар қоғамдық көлікпен байланыстырылып, қала қонақтарына өз автокөліктерін қалдырып, қала ішінде тез әрі ыңғайлы қозғалуға мүмкіндік жасалады. Бұдан басқа, 30 000 автотұрақ орны, 300 жаңа аялдама, 40 км жаяу жүргінші жолдары, 20 км велосипед жолдары құрылысы, 100 км жолдарды жөндеу, сондай-ақ, Юнусабад және Яшнабад аудандарында жол өткелдері және жер асты туннельдері салу жоспарланып отыр.
Қаланың қоғамдық көлігін жақсарту мақсатында 200 жаңа электробус жеткізілетін болады.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.