Өзбекстан–Тәжікстан шекарасында логистикалық орталық салу жоспарлануда

Өзбекстан–Тәжікстан мемлекеттік шекарасында жаңа логистикалық орталық салу жоспарлануда. «Ховар» агенттігінің хабарлауынша, жоба үшін негізгі орын ретінде «Ойбек — Фотехобод» шекаралық өткізу бекеті маңындағы аумақ қарастырылып отыр. Бұл туралы Kursiv.uz хабарлады. хабар береді.
Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде: атап айтқанда, орталықтың экономикалық тиімділігі бағалануда. Бұл кезеңдер Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) техникалық көмек қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып жатқаны айтылды.
Бастама Тәжікстанның көлік саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетігін алғаш рет сынақтан өткізу тәжірибесі болады деп күтілуде. ЕДБ өкілдерінің айтуынша, жаңа логистикалық торап жүк тасымалдау үдерістерін одан әрі оңтайландыруға ықпал етуі мүмкін.
Бұған дейін екі ел «Ойбек — Фотехобод» бекеті аумағында логистикалық және өндірістік инфрақұрылымды қамтитын сауда-өнеркәсіп аймағын құру мүмкіндігін де талқылаған болатын.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!