Ташкентте әйелді мазалағаны күдікке ілінген ер адам ұсталды

Ташкент қалалық ІІББ «Фарход» базары маңында әйелге қатысты орынсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ер адамның ұсталғанын хабарлады.
Оқиға 6 қаңтар күні сағат 18:50-де Учтепа ауданы Лутфий көшесінде болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті 27 жастағы азаматшаға қатысты әдепсіз әрекеттер жасап, оқиға орнынан бой тасалаған.
Кейін ІІББ қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстаған. Оқиға бойынша Учтепа аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуге дейінгі тексеру басталды.
ІІББ осы ер адамның әрекеттерінен жәбір көруі мүмкін азаматтардан 71 231-95-20 нөміріне немесе 102 қысқа нөміріне хабарласуды сұрады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз