Өзбекстанда жолдамасыз дәрігер қабылдауы ақылы болуы мүмкін

Өзбекстанда тар бейінді мамандарға жолдамасыз жүгінген науқастар үшін төлем енгізу жоспарлануда. Осыған қатысты құжат Олий Мәжіліс Заң шығару палатасында бірінші оқылымда мақұлданды.
Жобаға сәйкес, отбасылық дәрігердің немесе медициналық бригаданың жолдамасынсыз бейінді дәрігерге барғандар қабылдау үшін ақы төлейді. Тек шұғыл және жедел медициналық көмек жағдайлары бұдан тыс қалады.
Құжатта сондай-ақ медицина және фармацевтика саласында жұмыс істеу құқығы тек мемлекеттік тіркеуден өткен мамандарға берілетіні белгіленген. Медицина жоғары оқу орындары түлектерінің дипломдары қорытынды аттестациядан кейін автоматты түрде дерекқорда тіркеледі деп көзделген.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз