date

Н’Голо Канте Еуропаға қайта оралуы мүмкін

Н’Голо Канте Еуропаға қайта оралуы мүмкін

Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубының жартылай қорғаушысы Н’Голо Канте жақын арада Еуропа футболына қайта оралуы әбден мүмкін. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Бұған дейін француз футболшысына Түркияның «Фенербахче» клубы қызығушылық танытып отырғаны туралы хабарлар тараған еді. Инсайдер Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, Ыстамбұл командасы 34 жастағы хавбекке қазіргі жалақысымен салыстырғанда әлдеқайда төмен шарттар ұсынып отыр, алайда Канте бұл нұсқаға келісуге дайын.

Айтылғандай, «Фенербахче» сапына өтсе, Канте алатын жалақы шамамен 70–80% қысқаруы мүмкін. Бұрынғы «Челси» көшбасшысының қолданыстағы келісімшарты тағы жарты жылдан кейін аяқталады. Еске салайық, 2023 жылы әлем чемпионы «Челси»ден «Әл-Иттихад» құрамына қосылған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Н’Голо Канте Еуропаға қайта оралуы мүмкін