date

Манчестер Сити Гвардиоланың орнына бапкер іздеуде

Манчестер Сити Гвардиоланың орнына бапкер іздеуде
Манчестер Сити басшылығы Хосеп Гвардиоланың орнына жаңа бапкер үміткерлерін қарастырып жатыр. Қазіргі таңда испаниялық маманның келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды және содан кейін ол Англиядағы қызметін аяқтауды жоспарлап отырғаны айтылуда.

TEAMtalk басылымының хабарлауынша, Сити клубы Гвардиоланың орнын басатын бапкер ретінде бұрынғы капитан Венсан Компани үміткерін назарға алуда. Жақында бельгиялық маман Бавариямен 2029 жылға дейін жаңа келісімшартқа қол қойғанымен, Манчестер Сити басшылығы Гвардиоламен қоштасқан жағдайда Компаниіні қайтару мүмкіндігін сынап көрмек.

Айта кетейік, Гвардиола 2016 жылдан бері Манчестер Сити бас бапкері қызметін атқарып келеді. Венсан Компани болса өткен маусым басталар алдында Баварияны басқаруға кіріскен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Манчестер Сити Гвардиоланың орнына бапкер іздеуде