date

Тунис Ресеймен ойынға дайын

Тунис Ресейге қарсы ойынға дайын
Тунистің футбол федерациясының баспасөз хатшысы Қайс Режеж Ресей құрамасына қарсы жолдастық кездесу өтуі мүмкін екені туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, "Ресеймен кездесу келесі жылдың қараша айына дейін болмайды.

Біз ойынға дайынбыз, бірақ қазірше Тунис құрамасының дерлік барлық кестесі басқа ойындармен толы." Белгілі болғандай, Тунис ұлттық құрамасы келесі жазда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алған. Тунис және Ресей құрамалары осы уақытқа дейін тек бір рет кездескен.

2002 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Ресей Тунисті 2:0 есебімен жеңген болатын. Ол ойында голдарды Егор Титов пен Валерий Карпин соққан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Тунис Ресеймен ойынға дайын