date

Роналду карьерасын аяқтау үшін "Спортингке" оралғысы келеді

Роналду карьерасын аяқтау үшін "Спортингке" оралғысы келеді

Португалия футболының аты аңызға айналған жұлдызы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Ан-Наср" командасынан кету туралы шешім қабылдады. El Nacional басылымының хабарлауынша, ол үлкен футболға алғаш қадам басқан сүйікті клубы - Лиссабонның "Спортинг" командасында мансабын аяқтауды жоспарлап отыр.

40 жасты қарсы алудың алдында тұрған Роналду "Ан-Насрмен" 2027 жылға дейін жарамды келісімшарты болғанына қарамастан, үйіне оралу үшін өте үлкен жалақыдан бас тартуға дайын екенін білдірді.

Биылғы маусымда португалиялық шабуылшы жеті кездесуде алаңға шығып, алты гол соғып, екі рет нәтижелі пас берді.

Аңыздың жолы қайтадан Отанына - "Спортингке" алып келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Роналду карьерасын аяқтау үшін "Спортингке" оралғысы келеді