
Бұрынғы "Барселона" футболшысы Альфонсо Перес каталон клубының қанат ойыншысы Ламин Ямал туралы өз пікірін білдірді. Перестің айтуынша, Ямал керемет футболшы, алайда оның айналасында қате түсінік қалыптасуда.
"Жоғары әлеуетке ие жас футболшыға жақсы бапкерлік пен бағыт-бағдар көрсету өте маңызды. Әйтпесе, ол қателік жіберуі мүмкін.
Дұрыс жетекшілік арқылы ол ұзақ жылдар бойы "Барселона" мен ұлттық құрама үшін маңызды ойыншы болып қала алады", – деп Перестің сөзін келтіреді As басылымы. Ламин Ямал 2023 жылдан бері "көк-анар түстілер" сапында өнер көрсетіп жүр.
Ағымдағы маусымда 18 жастағы вингер жеті ойында алаңға шығып, үш гол соқты және бес нәтижелі пас шығарды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар