
Миланның "Интер" клубының жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян алдағы күндердегі ойындарда командасына көмектесе алмайды. 36 жастағы футболшы жақында А Сериясындағы "Наполиға" қарсы ойында 32-минутта алаңды тастап кетуге мәжбүр болды.
"La Gazzetta dello Sport"-тың хабарлауынша, Мхитарянның жарақаты алғашында болжанғаннан әлдеқайда күрделірек болып шықты. Армениялық футболшы төрт аптадан алты аптаға дейін алаңға шыға алмауы мүмкін.
Дүйсенбі күні өтетін тексеру оның толық қалпына келу мерзімін анықтайды. "Наполиге" қарсы кездесу "Интер" үшін 1:3 есебіндегі жеңіліспен аяқталды.
29-қазан күні Кристиан Киву басқаратын команда өз алаңында "Фиорентинаны" қабылдайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар