
Лондонның "Арсенал" клубының бас бапкері Микель Артета осы маусымдағы чемпиондық бәсеке туралы пікір білдірді. 26 қазан күні "Арсенал" Англия чемпионатының 9-турында өз алаңында "Кристал Пэлас" командасын 1:0 есебімен жеңді.
Осы жеңістен кейін "зеңбірекшілер" турнир кестесінде бірінші орында тұр. Баспасөз мәслихатында Артета былай деді: "Әлі айтуға ерте, қазір қазан айы ғана.
Сезімдер жоғары, бірақ әлі де көп нәрсені реттеуіміз керек." Қазіргі уақытта "Арсеналдың" қоржынында 22 ұпай бар. Турнир кестесінің үздік үштігіне "Борнмут" (18 ұпай) пен "Сандерленд" (17 ұпай) де енген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз