date

Овечкин НХЛ тарихын өзгертті: 900 гол


Ресейлік шабуылшы, “Вашингтон Кэпиталз” командасының ойыншысы Александр Овечкин НХЛ тарихында алғаш рет 900 гол соққан алғашқы ойыншы болды. Бұл туралы Championat басылымы хабарлады.

40 жастағы спортшы өзінің 900-голын “Сент-Луис Блюз” командасына қарсы ойында, екінші кезеңнің 18-минутында соқты. Бұған дейін Овечкин НХЛ-дің тұрақты маусымдарында соғылған голдар саны бойынша Уэйн Гретцкидің рекордын (894 гол) жаңартқан еді.

Ресейлік жұлдыздың клубпен қазіргі келісімшарты тағы бір маусымға есептелген. Бұған дейін Овечкин жаңа келісімшартқа қол қоюды әлі жоспарламайтынын мәлімдеген болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Овечкин НХЛ тарихын өзгертті: 900 гол