date

«Әл-Наср» Роналдуды 2027 жылдан кейін де сақтап қалғысы келеді

«Әл-Наср» Роналдуды 2027 жылдан кейін де сақтап қалғысы келеді

Шабуылшы Криштиану Роналду клубпен келісімшарты аяқталғаннан кейін, 2027 жылдың жазында «Әл-Насрдан» кетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.

Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, Сауд Арабиясы тарапы португалиялық жұлдызды елде сақтап қалудың жаңа жолын қарастыруда: Роналду клуб иесі ретінде «Әл-Насрдағы» үлесін қазіргі деңгейден арттырып, 15 пайызға дейін жеткізуі мүмкін. Лига да Роналду кеткен жағдайда әлемдік қауымдастықтың қызығушылығы күрт төмендеп кетпеуі үшін түрлі сценарийлерді талдап жатыр.

Криштиану Роналду 2023 жылы еркін агент ретінде «Әл-Насрға» келген еді. Ағымдағы маусымда ол Сауд клубы сапында 20 ойын өткізіп, 17 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Әл-Наср» Роналдуды 2027 жылдан кейін де сақтап қалғысы келеді