date

Слуцкий баптайтын «Шанхай Шэньхуа» тағы да жеңілді

Слуцкий баптайтын «Шанхай Шэньхуа» тағы да жеңілді

Леонид Слуцкий баптайтын «Шанхай Шэньхуа» Азия Чемпиондар лигасындағы кезекті ойынды да ұпайсыз аяқтады. Қытай клубы жалпы кезеңнің 6-турында қонақта «Санфречче Хиросимаға» 0:1 есебімен есе жіберді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Ойындағы жалғыз гол 78-минутта соғылды: алаң иелерінің қорғаушысы Хаято Араки дәл соққысымен «Хиросимаға» жеңіс сыйлады. Бұл нәтиже «Шанхай Шэньхуа» үшін турнирдегі қатарынан үшінші жеңіліс болды.

Алты турдан кейін Слуцкийдің командасы 4 ұпаймен кестеде 11-орында келеді. «Хиросима» 11 ұпай жинап, үшінші сатыда тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Слуцкий баптайтын «Шанхай Шэньхуа» тағы да жеңілді