date

Эндрик «Лион» клубында жалдау мерзімін ұзартуы мүмкін

Эндрик «Лион» клубында жалға алу мерзімін ұзартуы мүмкін

Бразилиялық талантты шабуылшы Эндрик өз болашағы жөнінде күтпеген пікір білдірді. Қазір жалға алу негізінде Францияның "Лион" клубында доп теуіп жүрген футболшы мансабын дәл осы командада жалғастыруы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Бұл туралы Goal.com хабар береді.

Шабуылшы егер "Лион" маусым соңында Еуропа Чемпиондар лигасының жолдамасын иеленсе, командада қалу мәселесін қарастыруға дайын. Эндрик қаңтар айында Францияға көшіп барғаннан кейін өз спорттық бабына қайта оралуға қол жеткізді.


«Егер команда Чемпиондар лигасына жолдама алса, қаламын ба? Шынымды айтсам, оны білмеймін.

Біз алты айлық жалға алу бойынша келістік, алайда "Real Madrid"-ке қайту керек болса, қуана-қуана қайтамын», — деді бразилиялық футболшы.


19 жастағы шабуылшы Франция чемпионатындағы алғашқы 13 ойынында 10 голға қатысып, мамандардың назарын аударды. Испанияда ойын тәжірибесінің аздығына наразы болған футболшы үшін бұл өзгеріс мансабын қайта жандандыруға көмектесті.

Эндрик алаңда орталық шабуылшы ретінде ойнауды жөн көретінін де атап өтті. Оның болашағы бойынша түпкілікті шешім маусым соңында, "Лионның" турнир кестесіндегі орнына қарай қабылданады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Эндрик «Лион» клубында жалдау мерзімін ұзартуы мүмкін