date

Чемпиондар лигасы рейтингінде Кейн екінші, Ямаль жетінші

Чемпиондар лигасы рейтингінде Кейн екінші, Ямаль жетінші

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аяқталуға жақын: командаларға алда тек бір тур ойнау қалды. Жеті турдан кейін WhoScored статистикалық порталы жасаған үздік футболшылар рейтингінде Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе көш бастап тұр. Ол турнирдің сұрмергендер жарысында да 11 голмен жетекшілік етуде. Бұл туралы euro-football.ru хабарлады. хабар береді.

Орташа бағалар бойынша екінші орында «Бавария» шабуылшысы Гарри Кейн тіркелді. Үздік үштікті оның командаласы Майкл Олисе түйіндеп тұр. «Атлетико» өкілі Хулиан Альварес төртінші, «Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Доминик Собослаи бесінші орынға жайғасты.

6–10-орындарда Виктор Осимхен («Галатасарай»), Ламин Ямаль («Барселона»), Йенс Хауге («Будё-Глимт»), Хвича Кварацхелия («ПСЖ») және «Реалдың» қақпашысы Тибо Куртуа аталды.

Соңғы тур кездесулері 28 қаңтар күні өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Чемпиондар лигасы рейтингінде Кейн екінші, Ямаль жетінші