date

Redmi компаниясы алғаш рет 50 еуролық Headphones Neo сымсыз құлаққаптарын таныстырды

Redmi компаниясы алғаш рет 50 еуролық Headphones Neo сымсыз құлаққаптарын таныстырды

"Xiaomi" компаниясы аудиоаксессуарлар нарығында жаңа бағытты игеруге кірісті. Германияның "WinFuture" басылымының хабарлауынша, бренд өзінің алғашқы толық өлшемді үстіңгі сымсыз құлаққаптары — "Redmi Headphones Neo" моделін шығаруға дайындалып жатыр.

Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.

Осы уақытқа дейін компания ассортиментінде тек шағын өлшемді және TWS түріндегі құлаққаптар ғана бар еді.


Жаңа құрылғы титан мембраналы 40 миллиметрлік динамиктермен жабдықталады. Дыбыс жиілігі диапазоны 20 Гц-тен 40 кГц-ке дейін болады деп күтілуде.

Сондай-ақ, құлаққаптарға жасанды интеллект көмегімен дыбысты өңдейтін үш микрофон және сыртқы шуды 42 децибелге дейін азайта алатын белсенді шуды басу жүйесі орнатылады.

"Redmi Headphones Neo" моделі "Bluetooth 5.4" технологиясы негізінде жұмыс істейді және бір уақытта екі құрылғыға қосылу мүмкіндігіне ие болады. Пайдаланушылар құлаққапты сымды түрде де пайдалана алады, бұл үшін 3,5 мм аудио коннекторы және USB-C порты қарастырылған.

Құрылғының 500 мА/сағ сыйымдылықтағы аккумуляторы шуды басу жүйесі өшірулі күйде 72 сағатқа дейін автономды жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Батареяны толық қуаттау үшін 2 сағат қажет.

Салмағы 410 грамм болатын корпус IP54 стандарты бойынша қорғалған. Бастапқыда қара және ақ түстерде сатылымға шығатын модельдің бағасы шамамен 50 еуро болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Redmi компаниясы алғаш рет 50 еуролық Headphones Neo сымсыз құлаққаптарын таныстырды