date

Asus компаниясы видеокарталардың еріп кетуінің алдын алатын арнайы кабельді таныстырды

Asus компаниясы видеокарталардың еріп кетуінің алдын алатын арнайы кабельді таныстырды

"Asus" компаниясы 12V-2x6 және 12VHPWR коннекторы бар видеокарталарға арналған жаңа "ROG Equalizer" қуат кабелін нарыққа шығарды. Өндіруші бұл жаңалықты контакттер арасындағы токтың бөлінуін теңестіретін аппараттық қорғаныс ретінде ұсынып отыр.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Бұл шешім коннектордың қызып кетуі және еріп кетуі қаупін едәуір азайтады.

АҚШ нарығында кабельдің бағасы 50 доллар болып белгіленді. Өткізілген сынақтарда "FurMark" бағдарламасы арқылы 600 Вт жүктеме берілгенде, коннектор температурасы стандартты кабельдермен салыстырғанда 9 градусқа төмен болғаны тіркелді.

Сынақтар "GeForce RTX 5090D" видеокартасы және "ROG Strix 1200W Platinum" қуат блогы көмегімен жүргізілді.

"ROG Equalizer" жеке аксессуар ретінде сатылуымен қатар, 2026 жылғы "ROG Thor III" және "ROG Strix Platinum" қуат блоктары жинағына да енгізіледі. Мамандардың айтуынша, кабельдің құрылымы едәуір қатты, сондықтан оны ықшам корпустардың ішінде абайлап орналастыру қажет.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Asus компаниясы видеокарталардың еріп кетуінің алдын алатын арнайы кабельді таныстырды