Ираола «Челси»ға жақын: лондондықтар жаңа бапкер іздеуде

Англия Премьер-лигасында кезекті бапкерлік интрига күшейіп келеді. «Борнмут» бас бапкері Андони Ираола жазда «Челсиді» басқару нұсқасын байыппен қарастыруда.
Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, испаниялық маман Англияда қызметін жалғастырғысы келеді және «көгілдірлер» нұсқасы оған өте ұнап отыр. Оның жазда еркін агентке айналуы мүмкін екені жағдайды одан әрі қызықтыра түседі.
Қазіргі уақытта «Челси» басшылығы Лиам Розеньормен қоштасқаннан кейін жаңа бас бапкер іздеуді бастап кеткен. Дереккөздерге қарағанда, үміткерлер тізімінде дәл осы 43 жастағы Ираола негізгі фаворит ретінде қарастырылуда.
Испаниялық маман 2023 жылғы жазда «Борнмутты» қабылдап алып, қысқа уақыт ішінде команданы бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізді. Қазір команда 34 турдан кейін 49 ұпаймен 7-орында тұр.
Қызығы, «Челси» де 48 ұпаймен дәл бір саты төменде — 8-орында орналасқан.
Қысқасы, Ираола үшін бұл үлкен қадам болуы мүмкін. Егер ол «Челсиді» қабылдаса, бұл тек оның мансабында ғана емес, АПЛ-дегі күштер тепе-теңдігінде де жаңа бетбұрыс жасауы мүмкін.