date

Apple арзан Mac шығаруға дайындалып жатыр


Apple компаниясы алғаш рет арзан бағалы Mac ноутбук шығарады деп жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bloomberg ақпарат агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап. Бұл құрылғының бағасы 1000 АҚШ долларынан төмен болады деп күтілуде, бұл бренд тарихындағы ең арзан компьютер болмақ.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, жаңа Mac iPhone процессоры және арзан LCD дисплеймен жабдықталады. Ол студенттерге, кәсіпкерлерге, сондай-ақ кеңсе жұмысына, интернетте жұмыс істеуге және мәтіндерді өңдеуге арналған қолайлы құрылғы іздеген қолданушылар үшін арналған.

J700 кодтық атауымен белгілі жоба қазіргі таңда компания ішінде сынақтан өткізілуде және шетелдік жеткізушілер арқылы өндірістің бастапқы кезеңінде. Ресми таныстырылымы 2026 жылдың бірінші жартысында өтеді деп күтілуде.

Apple бұл әрекетімен дәстүрлі түрде тек премиум құрылғылар шығаратын компания бағытынан бас тартып, енді арзан Chromebooks және Windows жүйесіндегі қарапайым ноутбуктермен бәсекелесуге кірісуде. Құрылғы бағасын төмендету үшін Apple салыстырмалы түрде қарапайым компоненттерді пайдалануды жоспарлауда.

Құрылғының экраны 13,6 дюймнен кіші болып, бұл Mac ноутбуктер арасында ең ықшам дисплей болмақ. Bloomberg дереккөздеріне қарағанда, iPhone процессоры тіпті ескі M1 чиптен жоғары өнімділік көрсетуде.

Бүгінгі күні компанияның ең арзан ноутбугі — M4 процессорлы MacBook Air, оның бағасы 999 АҚШ долларын құрайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Apple арзан Mac шығаруға дайындалып жатыр