
Rockstar Games ойын студиясы GTA VI компьютер ойынының релизінің тағы да кейінге шегерілгенін хабарлады. Енді ойын 2026 жылдың 19 қарашасында шығуы күтілуде.
«Ұзаққа созылған күту уақытына тағы да аздап қосымша уақыт қосқанымыз үшін кешірім сұраймыз. Бірақ бұл қосымша айлар бізге ойынды сіз қалап отырған және лайық деңгейдегі сапаға жеткізуге мүмкіндік береді», — делінген Rockstar Games мәлімдемесінде.
Бастапқыда ойын күз мезгілінде шығарылады деп жоспарланған еді, кейінірек релиз мамыр айына ауыстырылған болатын. GTA VI ойыны PS5 және Xbox Series X|S консолдерінде шығады.
Жаңа ойынның басты кейіпкерлері — Джейсон мен Лусия, олар Вайс-Сити қаласындағы қылмыс әлеміне араласып кетеді. GTA сериясының алдыңғы ойыны GTA V 2024 жылғы желтоқсан мәліметіне сәйкес, 205 миллионнан астам данамен сатылып, өндірушілерге 9 миллиард доллар табыс әкелген.
Бұл ойын алғашында 2013 жылы консольдерге, 2014 жылы басқа платформаларға шығарылған болатын. GTA V тарихы Сан-Андреас штатының тұрғындары — Франклин, Майкл және Тревор айналасында өрбиді.
Олар бірге бірнеше қауіпті тонауды жүзеге асырады және сонымен қатар жеке мәселелерін шешуге тырысады.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.