
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Доха қаласында өткен Әлемдік саммитке қатысып, кедейлікпен күресу және теңсіздікті азайту мақсатында Ғаламдық Әділет Қорын құруды ұсынды. Президент өз сөзінде Өзбекстанның тұрақты даму бағытындағы халықаралық бастамаларды қолдайтынын атап өтіп, елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік саладағы реформалар туралы ақпарат берді.
Шавкат Мирзияевтің айтуынша, соңғы жылдары елдегі кедейлік деңгейі 35 пайыздан 6,6 пайызға дейін төмендеген. Бұдан бөлек, Президент Мирзияев саммит барысында тағы бірқатар маңызды ұсыныстарды алға тартты.
Ол саммитте қабылданған шешімдер бүкіл әлемдегі миллиондаған адамға сенім мен үміт сыйлайтынын, сондай-ақ тұрақтылық пен әл-ауқатты қамтамасыз етуге үлкен үлес қосатынын атап өтті. «Осы тұрғыда бүгін қабылданып жатқан Доха саяси декларациясын толықтай қолдаймыз.
Онда белгіленген қағидаттарды толық өмірге енгізуге дайынбыз. Бұл тарихи декларация тұрақты даму мақсаттарына жетуде біздің ортақ күш-жігерімізді сөзсіз нығайтады», — деді Өзбекстан басшысы.
Мирзиёев Ғаламдық Әділет Қорын ұсынды
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар