
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Киберқауіпсіздік орталығы алаяқтық жағдайларына қарсы күресу үшін арнайы Telegram-бот іске қосылғаны туралы хабарлады. Ботты @cybershielduz_bot атауы арқылы табуға болады.
Ол зиянды APK-файлдарды (Android жүйесі үшін) анықтап, өшіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бот қауіп тудыратын сыртқы сілтемелерді тауып, бұғаттайды және қылмыстың жаңа түрлері туралы ескертеді.
Орталықтың хабарлауынша, боттың толық жұмыс істеуі үшін пайдаланушылар оны әкімші құқықтарымен қамтамасыз етуі қажет.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар