date

Кеденде жаңа жеңілдіктер: кәсіпкерлерге қолайлы тәртіп енгізіледі

Кеденде жаңа жеңілдіктер: кәсіпкерлер үшін қолайлы тәртіптер енгізіледі

Президент жарлығымен Өзбекстанда кеден әкімшілігін жетілдіру және сыртқы сауда үдерістерін одан әрі жеңілдетуге бағытталған жаңа шаралар қабылданды. Бұл шешім іскерлік ортаны жақсарту, кәсіпкерлердің шығындарын азайту және сыртқы сауда операцияларын жылдамдатуды мақсат етіп отыр.

Жарлыққа сәйкес, 2026 жылдан бастап алдын ала және кезеңдік декларациялау үдерістерінде кеден төлемдерін жүзеге асыру тәртібі айтарлықтай жеңілдетілмек. Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 наурыздан бастап, тауарларды шекара өткізу пункттеріне жеткізілгенге дейін алдын ала декларациялау арқылы "еркін айналымға шығару" кеден режиміне орналастыруға қатысты бірқатар жеңілдіктер күшіне енеді.

Енді кеден рәсімдеу үшін алынып келген кеден алымы 20 пайызға азайтылатын болады. Сондай-ақ, кеден төлемдерін бөліп төлеу, яғни кейінге қалдырып төлеу мүмкіндігі енгізіліп, 14 күнге дейінгі мерзімде пайыздар есептелмейді. Бұл кәсіпкерлер үшін айналым қаражатын сақтауға маңызды қолдау болмақ.

Бұдан басқа, 2026 жылғы 1 мамырдан бастап тауарларды кезеңдік декларациялау арқылы рәсімдеуде де жаңа мүмкіндіктер енгізіледі. Енді кеден төлемдерін тауарлар республика аумағына әкелінген кезде әр партия бойынша жеке-жеке төлеуге болады. Бұл логистика және есеп-қисап үдерістерін айтарлықтай жеңілдетеді.

Сонымен қатар жарлықта кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы қауіп-қатер анықталмаған жағдайларда кейбір санаттағы кеден жүк декларацияларын автоматты түрде рәсімдеу практикасын кеңейту көзделген. Бұл адам факторын төмендетіп, рәсімдеу мерзімдерін қысқартуға қызмет етеді.

Қосымша, кәсіпкерлік субъектілері үшін тағы бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, тұрақтылық рейтингінде жоғары және орта деңгейде тұрған уәкілетті экономикалық операторлар үшін төлемдерді қайтару және өзара есепке алу тәртіптері жеңілдетіледі. Сондай-ақ, орау, буып-түю, сұрыптау және тазалау сияқты операцияларда кейбір рұқсаттама талаптары алынып тасталады.

Жалпы алғанда, бұл жарлық сыртқы сауда қатысушылары үшін ашық, жедел және қолайлы кеден жүйесін қалыптастыруға бағытталған және кәсіпкерлердің қызметіне жаңа серпін беретіні күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Кеденде жаңа жеңілдіктер: кәсіпкерлерге қолайлы тәртіп енгізіледі