date

Хойлунд пен Мактоминей барша назарда


“Наполи” бас бапкері Антонио Конте жартылай қорғаушы Скотт Мактоминай мен шабуылшы Расмус Хёйлуннің ойыны жайында пікір білдірді. “Енді барлығы Хёйлун мен Мактоминай туралы айтып жатыр...

Есіңізде ме, олар “Манчестер Юнайтедте” ойнамады ма? Өздеріңізге бірнеше сұрақ қойыңыздар...

Мен және штабым, шамасы, бірдеңені дұрыс жасаған сияқтымыз. Мұның себебі болуы керек”, — деді Контенің сөзін журналист Фабрицио Романо жеткізді.

Бұған дейін “Наполи” Италия Суперкубогын жеңіп алып, финалда “Болоньяны” жеңген болатын. Матч 2:0 есебімен аяқталды.

Давид Нерес дубль авторы атанды. “Наполи” келесі ойынын 28 желтоқсан күні өткізеді.

А серияның 17-турында Конте командасының қарсыласы “Кремонезе” болады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Хойлунд пен Мактоминей барша назарда