Мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігі артады

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігін арттыру және олардың өндіретін өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған шаралар туралы жарлыққа қол қойды. Тиімділікті арттыру мақсатында әр тоқсанда шығындар қайта қаралып, кәсіпорындарда үнемді өндіріске негізделген қағидалар енгізіледі.
Аталған құжатта Республикалық комиссия құру көзделген. Бұл комиссия мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын оңтайландыру және тиімділігін жоғарылатуға байланысты бағдарламалар әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетеді. Сонымен қатар, комиссия төлем жүйесін модернизациялау негізінде кәсіпорындардың дебиторлық және кредиторлық қарыздарын қысқарту мәселелерімен айналысады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз