
Өзбекстанда "реттеуші гильотина" механизмі енгізіледі. Бұл туралы Президент Шавкат Мирзиёевтің тиісті жарлығы қабылданғаны жөнінде Әділет министрлігі мәлімдеді.
Аталған жарлық негізінде шамамен 800 ескірген заңнамалық құжаттар жойылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін қаржылық операцияларды E-актив жүйесінде тіркеу міндетін алып тастау жоспарланған.
Бұдан бөлек, республикада жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер құны екі есе арзандатылады. Құжатта мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын кеңейтуге де айрықша назар аударылған.
Олар өздеріне байланысты емес себептермен жер учаскесін тіркей алмаған жағдайда, балама құжаттар негізінде салық жеңілдіктерін пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.