date

Бір күнде 88,5 литр қан тапсырылды

Бір күнде 88,5 литр қан тапсырылды
Узбекистанда жыл сайын өтетін "Біз — донормыз" акциясы басталды. Кампанияның бірінші күнінде қатысушылар тарапынан 88,5 литр қан тапсырылды.

Бұл туралы "Юксалиш" жалпыұлттық қозғалысы төрағасы Бобур Бекмуродов мәлімдеді. Акция 2024 жылдан бері ұйымдастырылып, ұлттық қан қорын толықтыруға бағытталған.

Бастама аясында осы күнге дейін мың литрден астам қан жиналған. Биыл акция 28-қазаннан 3-қарашаға дейін елдің барлық өңірлерінде өтеді.

Ұйымдастырушылар халықты бірлікке шақырып, көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету үшін өз үлесін қосуға үндеп жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Бір күнде 88,5 литр қан тапсырылды