date

Пекинде K-pop тыйымының күшін жоюы мүмкін

Пекинде к-попқа тыйым алынуы мүмкін
Қытайда к-поп пен сериалдарға қойылған тыйымды алып тастау ықтималдығы бар. Кенджу қаласында өткен екіжақты саммитте Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мен Оңтүстік Корея Президенті Ли Чже Мен мәдени алмасуларды кеңейту туралы келісімге келді.

Бұдан бөлек, Қытай басшысы Пекинде к-поп концерті өткізу ұсынысына оң көзқарас білдірді. Оңтүстік Корея депутаты Ким Ён Бэнің айтуынша, Си Цзиньпин бұл ойды тіпті сыртқы істер министрі Ван Имен бірге талқылаған.

Алайда, жексенбі күні Оңтүстік Кореяның Мәдени алмасу комитеті саммиттегі әңгімелерді «сыпайы пікір алмасу» деп атап, «әзірше қандай да бір қорытынды жасауға ерте» екенін айтты. К-поп, сериалдар мен фильмдерге бейресми тыйым шамамен он жыл бұрын, Сеул АҚШ-тың THAAD қорғаныс жүйесін орнату туралы шешім қабылдағаннан кейін енгізілген болатын.

Қытай бұл жүйені өз қауіпсіздігіне қатер деп бағалаған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Пекинде K-pop тыйымының күшін жоюы мүмкін