date

Солтүстік Корея АҚШ министрінің сапары алдында зымыран ұшырды


Солтүстік Корея АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет демилитаризацияланған аймаққа келгеніне бір сағат қалғанда, онға жуық артиллериялық зымыран ұшырды. Бұл туралы Оңтүстік Корея әскери дереккөздеріне сүйеніп, Yonhap агенттігі хабарлады.

Оңтүстік Корея Біріккен штаб бастықтары комитетінің мәліметінше, зымырандар дүйсенбі күні шамамен сағат 16:00-де Сары теңіздің солтүстік бөлігіне қарай ұшырылған. Қазіргі уақытта бұл ұшыруларға байланысты арнайы талдаулар жүргізілуде.

Аталған оқиға АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Оңтүстік және Солтүстік Корея шекарасындағы қауіпсіздік аймағына жақын орналасқан Бонифас лагеріне сапарына бір сағат қалғанда орын алды. Сол жерде Хегсет оңтүстіккореялық әріптесі Ан Гю Бакпен кездесу өткізуі тиіс болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Солтүстік Корея АҚШ министрінің сапары алдында зымыран ұшырды