
Ұлыбританияның ең бай адамы, Hinduja Group отбасылық конгломератының басшысы Гопичанд Хинду́джа 85 жасында ұзаққа созылған аурудан кейін дүниеден өтті. Бұл туралы The Guardian хабарлады.
Биыл Hinduja отбасы 35,3 миллиард фунт стерлинг (45,9 миллиард доллар) дәулетімен The Sunday Times Rich List тізімінде бірінші орынды иеленген еді. Гопичанд Хинду́джа үлкен ағасы Сри́чанд Хинду́джа екеуі бірге банк, мұнай өнеркәсібі мен жылжымайтын мүлік салаларында жұмыс істейтін көпсалалы компанияны басқарған.
Сричанд Хинду́джа 2023 жылы қайтыс болған болатын. 1980-жылдары олар Ashok Leyland пен Gulf Oil компанияларын сатып алу арқылы өз империяларын кеңейте алған еді.
Олар әртүрлі дауларға, соның ішінде Ұлыбритания министріне жолданған хат арқылы ағасына паспорт алу мәселесіне араласқан болса да, Гопичанд Хинду́джа қайырымдылық істерімен белсенді айналысқан және мәдени жобаларға инвестиция салған. Hinduja отбасының иелігінде XVIII ғасырға жататын Лондондағы сәнді сарай және бұрынғы әскери мекеме ғимараты бар, қазір бұл ғимарат сәнді тұрғын үй кешеніне айналған.
Марқұмнан кейін жұбайы Сунита, ұлдары Санджай мен Дхираж және қызы Рита қалды.
Ұлыбританияның ең бай адамы қайтыс болды
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар