date

Ауғанстан өнімдері үшін әуе дәлізі ашылды

Ауғанстан өнімдері үшін әуе дәлізі ашылды
Өзбекстан Ауғанстанның жаңа жеміс-жидектері мен көкөністерін экспорттау үшін әуе дәлізін ашты, деп хабарлайды Atlas Press. Бұл дәліз Сұрхандария облысы мен Балх уәлаяты билік өкілдері арасындағы келісім негізінде ұйымдастырылды.

Жаңа маршрут ауған экспорттаушыларына өнімдерін Ресей, Қытай және Үндістан сынды негізгі халықаралық нарықтарға жеткізуге мүмкіндік береді. Өзбекстандық лауазымды тұлғалар кәсіпкерлерге жүктерді тасымалдауда көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді.

Айта кету керек, Пәкістан шекарасындағы өткізу пункттерінің, әсіресе экспорт маусымы басталған кезде жабылуы Ауғанстан экономикасына айтарлықтай зиян келтірген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Ауғанстан өнімдері үшін әуе дәлізі ашылды