Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 21 адам қаза тапты

Испанияның Кордова провинциясында 18 қаңтар күні екі жүрдек пойыздың соқтығысуы салдарынан кемінде 21 адам қаза тапты. Бұл туралы kursiv.uz хабарлады. хабар береді.
Мәліметтерге сәйкес, Малага қаласынан Мадридке бағыт алған Iryo компаниясына тиесілі пойыз рельстен шығып, Испания астанасынан Уэльваға бара жатқан басқа теміржол құрамымен соқтығысқан. Соққыдан кейін екінші пойыз жол жиегіндегі еңістен төмен сырғып түскен.
Андалусия аймақтық үкіметінің басшысы Хуанма Морено 75 жарақат алған адам ауруханаға жатқызылғанын, олардың 15-інің жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. Ол қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін айтып, мәйіттерді шығару үшін ауыр техника қажет екенін атап өтті.
El Pais басылымының жазуынша, жақын уақытта оқиға орнына испан әскері де жетеді. Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте апат болған теміржол бөлігі өткен жылдың көктемінде жөнделгенін және техникалық жағдайы жақсы болғанын айтып, оқиғаны «өте оғаш» деп атады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!