Брахим Диас Африка кубогының финалынан кейін қоңырауларға жауап бермей жүр

Мадридтің «Реал» клубының шабуылға бейім жартылай қорғаушысы Брахим Диас Африка Ұлттар кубогының финалындағы эпизодты ауыр қабылдап жүр. Ол Марокко құрамасына жүлдені алып келуі мүмкін еді, алайда екінші таймның соңында 0:0 есебінде пенальтиді «паненка» тәсілімен соға алмады. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.
Осыдан кейін матч қосымша уақытқа созылды. Онда Сенегал бір гол соғып, жеңісті қолына алды.
Indykaila News мәліметінше, Диас әзірге ешкімнің телефон қоңырауларына жауап бермей жүр. Дереккөзге сүйенсек, футболшы біраз уақыт жалғыз қалып, өз-өзіне келгісі келеді. Соған қарамастан, ол әлеуметтік желілерде мәлімдеме жасады.
Диас жақын арада «Реалдың» базасына оралуы тиіс.
Финалдан кейін ол қысқа пікір де қалдырды: «Кешіріңіз».
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз