Чилидегі орман өрттері: 19 адам қаза тапты

Чилидің орталық және оңтүстік аймақтарында болған орман өрттері салдарынан кемінде 19 адам қаза тапты. Өрттер қатты ыстық пен желдің әсерінен тез таралуда. Билік қауіпті аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялап жатыр.
Ел бойынша 23 белсенді өрт тіркелген. Ең ірі өрттер Нубле және Био-Био аймақтарында байқалуда. Бұл өңірлерде төтенше жағдай жарияланды. Кейбір өрттер тұрғын үйлерге жақындап қалды.
Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін 20 мың гектардан астам аумақ өртенген. Консепсьон қаласының маңындағы өрт ең ірісі болып саналады. Бірнеше елді мекенде үйлер зақымданған.
Мамандар ауа температурасының жоғары болатынын ескертті. Өрттер салдарынан жаңа қауіптер туындауы мүмкін. Тұрғындардан сақтық шараларын сақтау сұралды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз