date

190 мың гектар орман аумағында заңсыз кен өндіру анықталды

190 мың гектар орман аумағында заңсыз кен өндіру анықталды

Индонезия үкіметі орман аймақтарында жүргізіліп жатқан заңсыз кен өндіру қызметіне қарсы кең ауқымды шараларды бастады. Reuters мәліметінше, шамамен 190 мың гектар орман аумағында рұқсатсыз қазу жұмыстары анықталған. Үкімет бұл жерлерді мемлекет қарамағына қайтаруды жоспарлап отыр.

Орман шаруашылығы вице-министрі Рохмат Марзуки парламент отырысында сөйлеп, аталған кен орындарының тиісті рұқсатсыз жұмыс істегенін мәлімдеді. Ол заңсыз қызметпен айналысқан компаниялардың атауын атамады. Қазылған ресурстар мен мерзімдер туралы да ақпарат берілмеді.

Арнайы бақылау тобы осы уақытқа дейін 8 мың гектардан астам аумақты қайтарып алды. Бұл жерлерде никель, көмір және басқа пайдалы қазбалар өндірілгені анықталды. Сондай-ақ заңсыз пальма майы плантациялары да мемлекет бақылауына өтуде.

Бас прокуратура заңсыз қызмет жүргізген компанияларға ірі айыппұл салынуы мүмкін екенін хабарлады. Үкімет ормандарды қорғау және табиғи ресурстарды заңды пайдалану жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » 190 мың гектар орман аумағында заңсыз кен өндіру анықталды