date

Австралияда 13 жастағы қызға 109 айып тағылды

Австралияда 13 жастағы қызға 109 айып тағылды

Австралияда қоғамды таң қалдырған ауыр оқиға орын алды. 13 жастағы қызға жалпы 109 айып тағылғаны ресми түрде хабарланды. Бұл туралы жергілікті ABC News дереккөздері мәлімдеді.

Мәліметтерге сәйкес, кәмелетке толмаған тұлға ұрланған көліктерді пайдаланып, әртүрлі аймақтарда қауіпті әрекеттер жасаған. Оның әрекеттері ұрлық, үй-жайға заңсыз кіру және көлік құралын заңсыз басқару сияқты бірқатар қылмыстық эпизодтармен байланысты.

30 наурыз күні тіркелген оқиғалардың бірінде ұрланған көлікті тізгіндеген қыз велосипедшіге қауіп төндірген. Кейін жолдағы қақтығыс пен жанжалдан кейін көлік бір ер адамның үстіне бағытталған. Жәбірленуші түрлі дене жарақаттарын алып, психологиялық күйзеліске ұшыраған.

Тергеу барысында полиция қыздың телефонын тексеріп, алаңдатарлық материалдар мен видеоларды анықтаған. Сондай-ақ ол интернетте қылмыстың салдары туралы ақпарат іздегені де белгілі болған. Тергеушілер оқиғалар алдын ала жоспарланған болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сотта прокурор соңғы айларда айыпталушының белсенділігі күрт артқанын айтты. Қысқа уақыт ішінде ондаған құқық бұзушылық жасағаны айтылды.

Қазіргі уақытта сот қоғамға жоғары қауіп төндіреді деп есептеп, кепілмен босату туралы өтінішті қанағаттандырмады. Қыз 21 күннен кейін келесі сот отырысына жеткізіледі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Австралияда 13 жастағы қызға 109 айып тағылды