date

Қара нәсілді негізін қалаушылар 2022 жылдан бері ең көп инвестиция тартты

Қара нәсілді негізін қалаушылар 2022 жылдан бері ең көп инвестиция тартты

Crunchbase деректеріне сәйкес, жыл басынан бері АҚШ-тағы қара нәсілді кәсіпкерлер негізін қалаған стартаптарға 643 миллион доллар инвестиция салынды. Бұл көрсеткіш соңғы рет 2022 жылы (653 миллион доллар) байқалған еді. Салыстырмалы түрде, былтыр қара нәсілді негізін қалаушылар жалпы 942 миллион доллар венчурлық қаржы тартса, ағымдағы жылдың бірнеше айында былтырғы жалпы соманың шамамен 70 пайызына қол жеткізілді. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды.

Бұл өсімнің негізгі драйвері ретінде бірнеше ірі мәмілені атап өтуге болады. Атап айтқанда, AI аппараттық қамтамасыз етумен айналысатын SambaNova компаниясы 350 миллион долларлық E сериялы инвестицияны иеленді. Сондай-ақ, спорттық болжамдар стартабы Noviq 75 миллион доллар және YC қолдауымен жұмыс істейтін AI сақтандыру платформасы Harper 47 миллион доллар тартты. Алайда, Crunchbase сарапшылары барлығы 34 мәмілемен шектелген бұл өсімді әлі толық прогресс деп атауға асығар емес.

643 миллион доллар рекордтық деңгейдегі қаржы болып көрінгенімен, ол АҚШ стартаптары сол кезеңде тартқан жалпы 252 миллиард долларлық инвестицияның өте аз бөлігін ғана құрайды. Crunchbase зерттеу бөлімінің басшысы Gené Teare TechCrunch басылымына берген сұхбатында қара нәсілді негізін қалаушылар әлі де желілерге қол жеткізу, байланыс орнату және алғашқы таныстырулар бойынша қиындықтарға тап болып отырғанын атап өтті.

Қазіргі таңда венчурлық нарық өзіндік тоқырауды бастан кешіруде және қара нәсілді негізін қалаушыларға бағытталған қаржының азаюы жалпы нарықтың құлдырауынан да жылдам жүруде. Сарапшылардың пікірінше, саладағы артық сақтық инвесторларды алғаш рет стартап бастап жатқан және көбінесе әртүрлі этникалық топтарға жататын негізін қалаушыларға тәуекел етуден тосып отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Қара нәсілді негізін қалаушылар 2022 жылдан бері ең көп инвестиция тартты