date

Tesla BYD-ге жол берді: 2025 жылы электромобиль сатылымында көшбасшы кім

Tesla BYD-ге жол берді: 2025 жылы электромобиль сатылымында көшбасшы кім

2025 жылдың қорытындысы бойынша Илон Маскқа тиесілі Tesla әлемдегі ең ірі электромобиль сатушысы мәртебесінен айырылды. Trading Review мәліметінше, компания көшбасшылықты Қытайдың BYD корпорациясына берді. Бұл туралы kursiv.uz хабарлады.хабарлайды.

Tesla-ның тоқсандық және жылдық жеткізілім көрсеткіштері компанияның өзі күткен деңгейден төмен болды. Бұл жағдай автокөлік өндірушінің акцияларына қысымды күшейтті.

2025 жылдың төртінші тоқсанында Tesla жаһандық нарықтарға 418,2 мың электромобиль жеткізді — бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16% аз. Көрсеткіш компания қалыптастырған консенсус-болжамға да жетпеді.

Жыл қорытындысында Tesla жеткізілімдері 8,6% қысқарып, 1,64 млн дана болды. Ал BYD өсімді сақтап қалды: 2025 жылы компания 2,26 млн электромобиль сатты, әрі төртінші тоқсан бойынша да, жыл қорытындысы бойынша да оң динамика тіркелді. Дегенмен BYD-нің өсім қарқыны соңғы бес жылдағы ең баяу деңгейге түскені атап өтіледі.

2026 жылдың алғашқы сауда күнінде Нью-Йоркте Tesla акциялары сессия басында өсіммен ашылғанымен, жеткізілімдер туралы деректер жарияланғаннан кейін және жаһандық электромобиль нарығында бәсеке күшейгені аясында сауда барысында төмендеу аймағына өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Tesla BYD-ге жол берді: 2025 жылы электромобиль сатылымында көшбасшы кім