Мбаппе «Атлетикоға» қарсы дербиде ойнамайды

Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания Суперкубогының жартылай финалында «Атлетикоға» қарсы матчты өткізіп алады. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайдыхабарлайды.
Бұған дейін жергілікті БАҚ француз футболшысы жарақаттан айығып, 8 қаңтардағы дербиде алаңға шығуы мүмкін екенін жазған еді. Алайда журналист Мигель Анхель Диастың жаңартылған мәліметіне сәйкес, 27 жастағы форвард «матрасшыларға» қарсы ойында нақты ойнамайды. Тіпті Суперкубок матчтары өтетін Сауд Арабиясына командамен бірге ұшпауы да мүмкін.
«Реал» – «Атлетико» кездесуі 00:00-де (Ташкент уақытымен) басталады. Мбаппе биылғы маусымда 24 ойында 29 гол соғып, керемет нәтиже көрсетіп жүр.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз