Нью-Делидегі қонақүй өрті 21 адамның өмірін қиды

3 маусымда Нью-Дели қаласының оңтүстігіндегі Малвия Нагар ауданында орналасқан қонақүйлердің бірінде ірі өрт шықты. Оқиға қысқа уақыт ішінде кеңінен тарап, ауыр салдарға әкелді.
Ресми мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға салдарынан 21 адам қаза тауып, тағы 47 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Құрбандар арасында 15-тен астам шетел азаматы бар екені айтылуда.
Алдын ала болжам бойынша, өрт қонақүй мейрамханасында электр плитасын қосу кезінде шыққан. От қысқа уақыт ішінде бүкіл ғимаратты шарпыды, ал оның қонақтар ұйықтап жатқан кезде болуы жағдайды одан әрі ушықтырды.
Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру қызметтері жетті. Өртті сөндіруге 8 арнайы техника жұмылдырылып, ұзақ уақытқа созылған әрекеттерден кейін от толығымен сөндірілді.
Аталған факті бойынша тиісті органдар тергеу жұмыстарын жүргізуде. Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге материалдық көмек пен өтемақы бөлінетінін хабарлады.














Пікірлер 0
…